Көмек және ережелер
Оқу, аударма жариялау және мәселелер туралы хабарлау.
Баяу интернетте оқу
Читалка баптауларынан «Үнемді» сапаны таңда. «Автоматты» режим желі туралы дерек қолжетімді болса, баяу қосылымды ескереді. Сапаны кез келген уақытта өзгерте аласың.
Оң жақ — келесі бет, сол жақ — алдыңғы бет. Компьютерде бағыттауыш пернелерді қолдан. Кері басқару тек өз таңдауыңмен қосылады.
Интернетсіз оқу
Читалка баптауларында тарауды сақтап, толық жүктелгенін күт. Сосын «Офлайн ашу» сілтемесін пайдалан. Көшірме тек осы браузерде қалады: браузер оны өшіруі мүмкін. Басқа құрылғыға автоматты көшірілмейді.
Сақталған тарауларОқу орнын сақтау
Қонақтың оқу орны осы құрылғыда сақталады. Аккаунтпен кірсең, прогресс құрылғылар арасында синхрондалады. Екі құрылғыдағы өзгеріс қайшы келсе, қай нұсқаны қалдыруды өзің таңдайсың. Қонақтың прогресі аккаунтқа тек рұқсатыңмен көшіріледі.
Командаларға
Аудармашы кабинетінен командаға өтінім бер. Жариялау команда мақұлданғаннан кейін қолжетімді. Тек жариялауға құқығың бар материалдарды жүкте; авторлар мен аудармашыларды көрсет. Жеке деректерді, зиянды мазмұнды немесе спамды жариялама.
Беттерді дұрыс ретпен жүктеп, атауы мен нөмірін тексер. Суреттер автоматты түрде WebP нұсқаларына өңделеді. Тарау модерациядан кейін ғана оқырмандарға көрінеді.
Аудармашы кабинетіПікірлер және шағымдар
Басқа оқырмандарды құрметте, спойлерді белгіле. Қате бет, аударма қатесі немесе құқық мәселесі болса, тайтлда не читалка баптауларында «Мәселе туралы хабарлау» тармағын аш. Шағым үшін аккаунттың поштасы расталған болуы керек.
Тарау мен бетті көрсетіп, мәселені нақты сипатта. Құпиясөз, құжат немесе басқа құпия деректерді жіберме. Шағым модераторларға түседі.
Құқық иелеріне
Құқық мәселесі бойынша аккаунтсыз хабарласа аласың. Нәтижені өтініш нөмірі мен жеке код арқылы тексер.
Құқық туралы өтінішАккаунттағы өтініштерім